1 қазан - Халықаралық қарттар күні

1 қазан - Халықаралық қарттар күні

Бұл күні біз қарттарымызға деген қамқорлығымыз бен құрметімізді барынша тағы бір мәрте көрсетуге, ерекше ілтипат танытуға тырысамыз. Өскелең ұрпақ үшін әр салада өзіндік қолтаңбасын қалдырған көнекөз қарияларымыздың орны ерекше. Әрқашанда қоғам аға буын өкілдеріне зор құрмет көрсетіп, олардың аса құнды кеңестері мен ақыл парасатын, ғұмырлық ғибратын үлгі тұтып келеді. Бұл тәуелсіз еліміздің дамуына және қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан аға ұрпақ өкілдеріне деген еліміздің үлкен құрметінің, зор қамқорлығының белгісі.

Бұл мереке 1990 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының шешімімен қарт адамдар кездесетін мәселелер мен қиындықтарға қоғамның назарын аудару мақсатында белгіленді.


#Қарттар күні