2024 жылы облысты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үлесі 96,6%-ға жетеді

2024 жылы облысты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үлесі 96,6%-ға жетеді

2024 жылдың соңында Абай облысында 22 497 адамдықамтитын 24 сумен жабдықтау жобасы пайдалануға беріледі. Осы жобалардың ішінде 6,717 адамғаесептелген ауылдық елді мекендердегі 14 нысан, сондай-ақ 15,780 адам тұратын Семей қаласындағы 8 кент пен бір көше бар. Осының арқасында облысты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үлесі 96,6%-ға жетеді. 
Облыстағы су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы – 3,220,3 км. Су құбыры желілерінің орташа тозуы 48,1% құрайды, оның ішінде Семей – 67%, Аягөз – 31%, Курчатов – 85%. 

2024-2025 жылдарға су құбыры желілерін салуға 22 жобаны іске асыру жоспарланған, соның арқасында облыста суға қолжетімділік 100% болмақ.

Облыстағы су бұру желілерінің ұзындығы – 519,4 км. Бұл ретте тозған құбыр 71,3% құрайды. 

2024 жылы жалпы ұзындығы 22,8 км болатын Ақсуат ауылында кәріз желілерін қайта жаңарту басталады.

Сондай-ақ, облыста автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған жобаларды іске асыру жалғасуда. Жалпы ұзындығы 75 км жеті учаскеде және жалпы ұзындығы 143,7 км 17 учаскеде жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан басқа, жалпы ұзындығы 26 километрді құрайтын29 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 16 тірек және 3 спутниктік елді мекендерде 57,3 км кентішілік көше-жол желісін жөндеуге 19 жоба іскеасырылуда.

Анықтама үшін: Абай облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6,831,8 км құрайды, оның ішінде 2,176 км республикалық маңызы бар жол, 1,592,5 км облыстық маңызы бар жол және 3,063.3 км аудандық маңызы бар жол.


#Абай облысы, #су, #ауыз су