9 мамыр - Жеңіс күні

9 мамыр - Жеңіс күні

Жеңіс күні қазақ елі үшін айтулы мерекелерді бірі. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға аттанған 1 миллион 200 мың жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмаған. Кеңес Одағының 27 миллионға жуық адамын жалмаған қанды қырғынға елімізден аттанғандардың ішінен 500-ден астам жауынгер 1934 жылы бекітілген ең жоғарғы Кеңес Одағының Батыры атанған. Оның 100-ден астамы — қазақтар.Бұл – жанқиярлық ерліктің, еңселі елдіктің рухы биіктеп, Жеңістің жалауы желбіреген күн. Ел тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы бейбіт күннің арқасы. Осынау ұлы мерекеде сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Ақпарат kaz.nur.kz алынды.


#мереке, #Жеңіс күні