Абай облысында тексерілген 20 асфальтбетон зауытының басым бөлігінде кемшіліктер анықталды

Абай облысында тексерілген 20 асфальтбетон зауытының басым бөлігінде кемшіліктер анықталды

Облыс аумағында орналасқан 20 асфальтбетон зауытына кезең-кезеңмен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 13 зауыт тексеруден өтті. Тексеру жұмыстарын “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы “ Абай облыстық филиалының мамандары жүргізді,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі  мекеменің облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бағалау барысында зауыттардың өндірістік қуаттылығы, технологиялық жабдықтарының жай-күйі, өндірістік процестердің нормативтік талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ шикізат пен дайын өнім сапасын бақылау жүйесі назарға алынды.

Нәтижесінде тексерілген 13 зауыттың ішінде 1-еуі ғана белгіленген талаптарға сәйкес келетіні анықталды. Ал 12 зауытта түрлі сәйкессіздіктер тіркелді. Қалған 7 зауыт бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда.

Тексеріс нәтижесі бойынша сәйкессіздіктер анықталған зауыттардың жұмысы мен шығарған материалдары қатаң бақылауға алынып, анықталған кемшіліктерді жедел түрде жоюға міндеттеледі.


#Абай облысы, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"