Абай облысынының аумақтық Қорғаныс бригадасында арнайы тактикалық оқу-жаттығулар өтуде

Абай облысынының аумақтық Қорғаныс бригадасында арнайы тактикалық оқу-жаттығулар өтуде

Оқу-жаттығуларға  Қорғаныс бригадасына тіркелген әскери міндеттілер  оқу жиындарына шақырту арқылы тартылды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. 

Абай облысының әкімдігімен ұйымдастырылған жиында облыстың бірқатар аудан, қалаларынан шақырылған жүзден аса запастағы офицер, сержант, қатардағы жауынгерлердің он күн бойы дайындық деңгейі  пысықталады. Айта кетерлігі, оқу-жаттығуға әскери  борышын бұрын-соңды өтемегендер де қатысты. ыОлар оқу-жаттығудың ашылу салтанаты барысында Отанға адал болуға Әскери ант берді.   

Абай облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының басшысы  Ақылжан Ақылбеков  өз сөзінде,

 «Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, өз Отанын қорғау - әрбір азаматтың қасиетті борышы және парызы. Сондықтан, мұндай оқу-жаттығұдың басты мақсаты – аумақтық қорғаныс әскерлерінің кәсіби деңгейін жәнеіс-қимыл үйлесімділігін арттыру. Яғни, бұндай жиындарды аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, сондай-ақ кез-келген төтенше жағдайға дайындықты күшейтуге бағытталған маңызды шара деп айта аламыз. Жалпы, оқу-жаттығу барлық қауіпсіздік талаптарына сай ұйымдастырылып отыр»,-деді

16 -25 қыркүйек аралығындағы оқу-жаттығу барысында жиынға шақырылған әскери міндеттілер тактикалық және жауынгерлік шеберліктерін шыңдап, стратегиялық маңызы бар нысандарды қорғау сияқты түрлі сценарийлерге сәйкес қорғаныс іс-қимылдарын үйренуде.


#Абай облысы, #әскери