Әскери тағылымдама – кәсіби шыңдалу жолы

Әскери тағылымдама – кәсіби шыңдалу жолы

​Абай гарнизонына қарасты әскери бөлімдерде Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары әскери тағылымдамадан өтуде,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Болашақ офицерлер өңірдегі әскери бөлімдерде теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, жауынгерлік даярлықтың қыр-сырын меңгеріп жатыр.

​Солардың бірі – 32388 әскери бөліміне келген курсант Рамазан Зияділда. Ол – техника саласын таңдаған, әскери техниканың құрылымы мен қызмет көрсету тәртібін жетік меңгеруге ұмтылған жас маман.​

​Тағылымдама барысында курсант әскери техникаларды тексеру, ақауларын анықтау, алдын алу жұмыстарын жүргізу және оларды ұрысқа дайын күйде ұстау бағытында тәжірибе жинақтауда. Бөлімнің тәжірибелі мамандарынан ақыл-кеңес алып, іс жүзіндегі дағдыларын жетілдіруде.

​– Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру – болашақ офицер үшін аса маңызды. Мұнда әр күн жаңа сабақ, жаңа тәжірибе. Техника тілін түсіну – мен үшін үлкен жауапкершілік, – дейді курсант Рамазан Зияділда.

​Әскери тағылымдама – жас маманның кәсіби қалыптасуындағы маңызды кезең. Осындай тәжірибеден өткен курсанттар ертең ел қорғаны болар білікті офицерге айналары сөзсіз.


#Абай облысы, #Абай өңірлік гарнизоны, #сарбаз