Ақпаратты тұтыну әдеті өзекті болып отыр
Халықаралық форумда ақпаратты тұтыну әдетінің өзгеруі мен әлеуметтік желілердің ықпалы талқыланды. Медиа мамандар әлеуметтік желілер адамдардың өзара әрекеттесуі үшін негізгі алаңға айналғаны жайында кеңінен мағлұмат алып, бұл платформалардағы жаңалықтар мен ақпараттардың таралу жылдамдығы басқа медиа құралдарына қарағанда әлдеқайда жоғары екені айтылды. Осы күні TikTok, Reels, Podcast сияқты қысқа видеолар мен аудиоформаттардың пайда болуы адамдардың назарын өзіне аударып отыр. Бұл форматтар ақпаратты тұтынуды жеңілдетіп, көңіл көтеруге бағытталған.
Контентті монетизациялаудың маңызы зор. Пайдаланушыларға белгілі бір мерзімге жазылып, эксклюзивті мазмұнға қол жеткізу мүмкіндігін ұсынуға назар аударылды. Жарнама жасаудың қыр-сырларына кеңінен тоқталған баяндамашылар контент ішінде немесе айналасында жарнама орналастыру, электронды коммерция: контентпен байланысты өнімдер мен қызметтерді сату, мерчендайзинг: брендтің бейнесін пайдаланып, тауарлар шығару, жасанды интеллект пен медиа кеңістігін әңгімеледі.
Шындығында да қазір жасанды интеллектінің медиа кеңістікке ықпалы өзекті бола түсті. Атап айтқанда, ақпарат жинау және талдауға көңіл бөлгені жөн. Ал жасанды интеллект үлкен деректер көлемін тез арада жинап, талдауға мүмкіндік береді. Сараптамалық мәліметтерді жасауда да жасанды интеллект күрделі мәселелер бойынша сараптамалық мәліметтерді жасауға көмектеседі.Контент жасауда да жасанды интеллект жаңалықтар, мақалалар, сценарийлер сияқты түрлі форматтағы контентті автоматты түрде тез арада жасап бере алады.
Дегенмен БАҚ-та жасанды интеллектті қолданудың этикалық қыры да ұмыт қалмағаны дұрыстығы айтылмай қалмады. Өйткені БАҚ-та жасанды интеллектті қолдану кезінде жалған ақпараттарды тарату қаупі басым. Бұл ғана емес, спикерлер жасанды интеллект жеке өмірдің құпиялығын бұзуы да ықтимал, ал екінші жағынан интеллектіге иек арту алдағы уақытта адамның жұмыс күшін азайтуға ықпал етіп, жұмыс орындарының кемуіне алып кел ықтималдығы зор.
#Алматы, #медиа форум, #түркітілдесжурналистерқоры