Ауыз сумен қамтамасыз ету үшін субсидия бөлінуде

Ауыз сумен қамтамасыз ету үшін субсидия бөлінуде

Абай облысында 51407 адамды қамтитын 66 елді мекен топтық және жергілікті су құбырларынан ауыз сумен қамтамасыз еткені үшін субсидия алады,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл қызметтерді табиғи монополияның жеті субъектісі қамтамасыз етеді. Сумен жабдықтау жүйелері топтық және жергілікті болып бөлінеді. Топтық жүйелерге Бородулиха ауданындағы «Казводхоз» ШҚФ және Жарма ауданындағы «Горводхоз» МКК кіреді. Жергілікті жүйелер Аягөз ауданына («СУ» МКК), Бородулиха ауданына («Белағаш топтық су құбыры» МКК), Жарма ауданына («Жарма-Су» МКК), Ақсуат ауданына («Ақсуат» МКК) және Абай ауданына («РИЗА» МКК) қызмет көрсетеді. 
Ауыз сумен қамтамасыз етуге бөлінген субсидияланатын судың көлемі 1 847,463 мың текше метрді құрайды, оның 679,2 мың текше метрі топтық жүйелерге, 1 168,3 мың текше метрі жергілікті суға тиесілі.
2024 жылы осы субсидиялар үшін 320 млн теңге қарастырылған. Субсидия ұйымдарға нақты көрсетілген қызметтер үшін бекітілген тарифтер мен бір тұрғынға белгіленген орташа су тұтынуды ескере отырып төленеді.


#Абай облысы, #ауыз су