Айдос Үкібай Болат Назарбаев көз жұмғанын растады

Айдос Үкібай Болат Назарбаев көз жұмғанын растады

Экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай  әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды  abaidan.kz тілшісі.   "71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев дүниеден озды",- деп жазды Айдос Үкібай. Бұған дейін бірнеше БАҚ Болат Назарбаевтың жүрегі тоқтап қалғанын жазған. 


#Болат Назарбаев