Қоғам 46 қаралымabaidan.kz

Берік Уәли inDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томскиймен кездесті

Берік Уәли inDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томскиймен кездесті

Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру мен цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
🕯Арсен Томский 2013 жылы тәуелсіз жүргізушілер қауымдастығы негізінде inDriver сервисін құрған. 2023 жылдан бері inDrive компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры қызметін атқарып келеді. Қазіргі уақытта халықаралық цифрлық платформаны дамытып, компанияның инвестициялық, технологиялық және әлеуметтік бағыттарына жетекшілік етеді.
Кездесуге «TANA» қоғамдық қорының төрайымы Кәмила Лұқпанова да қатысты. 
Аймақ басшысы Берік Уәли Абай облысына арнайы жұмыс сапарымен келген меймандарды жылы қарсы алып, өңірге сапары үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар облыстың әлеуетін таныстырып, өзара тиімді бағыттар бойынша тығыз байланыс орнатуға және ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін жеткізді.
Айта кетейік, сапар аясында Арсен Томский мен Кәмила Лұқпанова өңір кәсіпкерлерімен кездесіп, бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Аягөз ауданындағы жаңартылған кітапхананың ашылуына қатысты.
📊Қазіргі таңда елімізде жаңартылған кітапханалар негізінде кітап оқуды насихаттайтын заманауи «Jaña Klub» қоғамдық орталықтарын құру жұмысы жүргізілуде. Жоба аясында 2026-2027 жылдары Абай облысындағы 30 кітапхананы жаңғырту жоспарланған. Оның алғашқы кезеңінде жыл соңына дейін 15 кітапхана жаңартылып, оқырман игілігіне беріледі.