Елімізде «Балаларды суда қорғаңыз» акциясы басталды.

Елімізде «Балаларды суда қорғаңыз» акциясы басталды.

Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні қарсаңында Төтенше жағдайлар министрлігі «Балаларды суда қорғаңыз» атты апталық акциясын бастауда,- деп хабарлайды abaidan.kz.  Акцияның мақсаты – балалардың судағы жазатайым оқиғаларының алдын алу. Суға түсу маусымы басталғалы судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қазақстандық құтқарушылар су айдындарынан 160 адамды құтқарды, оның 44-і балалар. 

Алайда жаз басынан бері 93 адам суға кетті, оның 35-і балалар. Кәмелетке толмағандардың өлімі Атырау, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында және Абай облысында тіркелді. Осыған орай Дүниежүзілік суға кетудің алдын алу күні аталған өңірлердің құтқарушылары кезекті рейдке шығады. 

Өлімнің негізгі себептері – тыйым салынған жерлерде суға түсу, балаларды қараусыз қалдыру, күш-қуатты асыра бағалау және жүзе алмау. Ақпарат агенттіктерінің платформаларында мақалалар мен жаңалықтарды жариялау арқылы БАҚ өкілдерінен рейдтік іс-шараларға қатысуға және көмек көрсетуді сұраймыз.


#су, #балалар, #ағын су, #Ертіс өзені