Қазақстанда кәсіпкерлер мен шағын бизнес үшін

Қазақстанда кәсіпкерлер мен шағын бизнес үшін "Халық бухгалтері" акциясы басталады

Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті  2026 жылдың 5 қаңтарынан бастапАбай облысында жеке кәсіпкерлер мен шағынбизнес субъектілеріне тегін кеңес беру арқылы қолдау көрсетуге бағытталған "Халық бухгалтері" акциясы басталғанын мәлім етеді.

Бастама бақылау моделінен салық төлеушілердісервистік сүйемелдеуге көшу шеңберінде іскеасырылады. Науқан 2026 жылдың 5 қаңтарынан 30 маусымына дейін жалғасады.

Жоба шеңберінде салық төлеушілербухгалтерлік есеп, салық есептілігі, сондай-ақақпараттық жүйелердегі жұмыс мәселелерібойынша ұғымды және практикалықтүсініктемелер ала алады.

Кеңес беруді кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар, бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарыныңтәжірибелі қызметкерлері жүргізеді.

Семей қаласында кеңес беру Дулат Бабатайұлы(бұрынғы Первомайская) көшесі, 28 Б мекен-жайда орналасқан Семей қаласы бойынша мемлекеттіккірістер басқармасының ғимаратында Клиенттерге қызмет көрсету орталығында (1 қабат) өткізілетінболады.

Бухгалтерлердің кеңес беру кестесі:

• 2026 жылғы қаңтар-ақпан айларында -аптасына үш рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін;

    • 2026 жылдың наурызынан бастап-аптасына екі рет.

Өңірлерде қабылдау мемлекеттік кірістер басқармаларында, қажет болған жағдайда облыстық департамент мамандарының қатысуымен ұйымдастырылады.

Қосымша Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бейнеконсультация, телефон байланысы, онлайн-консультация форматында өзара іс-қимыл қарастырылған.

"Халық бухгалтері" акциясы кәсіпкерлердіңсалық сауаттылығын арттыруға, уақтылыпрофилактикалық және кеңес беру арқылыбұзушылықтар санын азайтуға бағытталған. Алдағы уақытта сервистік шараларды кеңейту жәнесалық төлеушілерге кеңес беруде сүйемелдеудікүшейту жоспарлануда.


#кәсіпкерлік, #шағын және орта кәсіпкерлік