Көмір қажетті деңгейде жеткізілді

Көмір қажетті деңгейде жеткізілді

Абай облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарлауынша, ауа температурасының төмендеуіне байланысты Семей қаласында жылу беру маусымы қала әкімінің қаулысына сәйкес осы жылдың 1 қазанында басталды. Бүгінде білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандары жылуға қосылды. Ал, облысымыздағы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған түрғын үйлердің 90 пайызына жылу жеткізілді. Бюджеттік ұйымдардың автономды қазандықтарын көмірмен қамтамасыз ету толық көлемде аяқталды. Барлық қоймаларда көмір қорын күн сайын толықтыру жалғасуда. Облыстың теміржол тұйықтарында 12,5 мың тонна көмір бар. Семейде – 10 мың тонна, Курчатовта – 0,5 мың тонна, Аягөз ауданында – 1 мың тонна, Бородулиха және Жарма аудандарында – әрқайсысы 0,5 мың тоннадан. Облыстың жылу қазандықтарында 93 мың тонна көмір бар. Бұл жылдық қажеттіліктің 16 пайызын құрайды. Барлық жылу көздері 10 күндік қосымша көмір қорымен қамтамасыз етілген. Жалпы, Абай облысында жылу беру маусымы қалыпты деңгейде өтуде. Жұмыстар облыс әкімі мен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тұрақты бақылауында.


#Семей, #Абай облысы, #көмір, #жылу маусымы