Құқықтық сауаттылық – тәртіп кепілі

Құқықтық сауаттылық – тәртіп кепілі

​Абай гарнизонына қарасты 44793 әскери бөлімінде әскери қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті арттыру және отбасылық жанжалдардың алдын алу мақсатында түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараға Әуезов полиция бөлімі қызметкерлері — полиция майоры Қуаныш Төлеу және полиция аға лейтенанты Бауыржан Молгаждаров қатысып, жеке құраммен профилактикалық әңгіме жүргізді.

​Кездесу барысында әскери қызметшілерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, кешкі уақыттағы тыныштықты сақтау талаптары, сондай-ақ интернет алаяқтарынан сақтану жолдары түсіндірілді. Құқық қорғау органдарының өкілдері нақты мысалдар келтіріп, заң талаптарын сақтау әр азаматтың міндеті екенін атап өтті.

​Басқосу соңында әскери қызметшілер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды. Мұндай кездесулер құқық бұзушылықтың алдын алып, қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі


#Құқықтық тәртіп, #Заң мен тәртіп