Құтқарушылар көп қабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық жаттығулар өткізді
Абай облысының құтқарушылары Бөгенбайұлы көшесінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық жаттығулар өткізді. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап abaidan.kz тілшісі хабарлайды. Өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне 10 сағат 11 мин. келіп түскен шартты хабарға сәйкес қаланың сол жағалауында орналасқан көп қабатты тұрғын үйдің 6-шы қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Оқиға орнына 10 сағат 15 мин жедел келіп жеткен өрт сөндірушілер құтқару операциялары мен өртті сондіру жұмыстарына дереу кіріседі. Шартты өртті сөндіру барысында барлығы 14 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде 6 адам автоиінді көтергіштердің көмегімен, 2 адам түтін баспайтын баспалдақ маршымен және 6 адам ішкі баспалдақтармен бастарына құтқару қалпақтарын кигізу арқылы құтқарылып, сыртқа шығарылған. Құтқарылған адамдарға медициналық көмек көрсетілуі мақсатында жедел жәрдем және апатты медицина орталығының қызметкерлеріне, сондай-ақ, психолог мамандарға тапсырылған.
Өрт-тактикалық жаттығуға барлығы 16 техника жұмылдырылған, оның ішінде 7 - АЦ, 1 - газ-түтіннен қорғау қызметінің автокөлігі, 2 - жедел жәрдем көлігі, 2 - полиция автокөлігі, 1- құтқарушылар жасағының көлігі, сонымен қатар "ОЭСК" АҚ қызметкерлері, Абай облысы ТЖД писихологы, Апатты медицина орталығының қызметкерлері қатыстырылды. Жаттығуларға қатысқан жеке құрамның жалпы саны 82 қызметкерді құрады.
Аталған көп қабатты тұрғын үйде шыққан өрт 10 сағат 45 мин ауыздықталып, 10 сағат 48 мин толығымен сөндірілген.
Семей қаласы ТЖБ қызметкерлері тұрғындармен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары мен құтқару қызметінің «101» және «112» номерлері көрсетілген жаднамалар таратты.Өрт-тактикалық жаттығулардың мақсаты - көп қабатты тұрғын үйлерде шыққан өрттерді сөндіру әдістерін, адамдарды қауіпсіз құтқару дағдыларын пысықтау және тұрғындар арасында өрт кезінде шығатын дүрбелеңнің алдын-алып реттеуді машықтау.
Абай облысы ТЖД көп қабатты үйлердің тұрғындарын өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертеді:
#Абай облысы, #оқу-жаттығу, #ТЖД