Мемлекеттік рәміздерді қолдану мәселелері
Абай облысының қоғамдық даму басқармасы аймақтағы басқармалар мен қала және аудан әкімдіктерінің басшылары үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің көрнекі және эстетикалық жай-күйі мен қолданылуы мәселелері бойынша семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренингке қатысушыларға қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңының ережелерін түсіндіріп, мемлекеттік рәміздерді дұрыс қолдану және тиісті түрде сақтау туралы түсіндірді.
Айта кетейік, облыста «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңды іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану саласындағы мониторингті жүзеге асырады, мемлекеттік, бюджеттік және өзге де ұйымдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді.
Тұрақты негізде қалалар мен аудандардың ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері мемлекеттік рәміздердің техникалық және эстетикалық жай-күйін тексеруді жүзеге асырады және қажеттілігіне қарай оларды ауыстыру жүргізіледі.
Кездесу соңында қоғамдық даму басқармасының басшысы қолданыстағы заңнама нормаларын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.