Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 1 636 қаралымabaidan.kz

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік: СҚО-ның озық тәжірибесі зерттелді

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік: СҚО-ның озық тәжірибесі зерттелді

Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев бастаған делегация Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында Білім, Цифрлық технологиялар басқармаларының бөлімдері мен мекемелерінің басшылары, сондай-ақ бизнес және мәдениет саласының өкілдері бар,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік: СҚО-ның озық тәжірибесі зерттелді

Сапардың негізгі мақсаты - мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында білім беру мекемелерін сенімгерлік басқаруға берудегі Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін зерттеу. Бұл инфрақұрылымды жаңғыртуға, білім беру сапасын арттыру мен мектептегі тамақтануды жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, делегация оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллектті енгізудің инновациялық жобасымен танысты.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік: СҚО-ның озық тәжірибесі зерттелді

Сапар барысында Абай облысының өкілдері Қызылжар ауданы Петерфельд ауылындағы «Қызылжар Абай орта мектебі»корпоративтік қоры, С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясы, №25 орта мектеп, №2 мамандандырылған мектеп-интернат, оқушылар сарайы және Петропавл қаласының креативті орталығы сияқты бірқатар білім беру және мәдени мекемелерінде болды.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік: СҚО-ның озық тәжірибесі зерттелді

Сапар іскерлік байланыстарды нығайтып, өңірлер арасындағы ынтымақтастыққа негіз болатын перспективалық идеялармен алмасуға бағытталған.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік: СҚО-ның озық тәжірибесі зерттелді