Қоғам 81 қаралымabaidan.kz

Инженерлік оқ-дәрілерге жоғары қырағылық

Инженерлік оқ-дәрілерге жоғары қырағылық

28-30 қыркүйек аралығында Аягөз гарнизонында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Инженерлік әскерлер департаментіне қарасты 41446 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі Инженерлік оқ-дәрілерді сақтау бөлімдерінің, есептік және операциялық  бөлімдерінің, инженерлік қызмет бастықтарымен үш күндік жиын өткізілді.

Инженерлік оқ-дәрілерге жоғары қырағылық

Жиынды өткізудегі басты мақсат инженерлік оқ-дәрілерді сақтаудың кәсіби деңгейін көтеру, олардың пайдалануын ұйымдастыруды үйрету және басшылық құжаттардың талаптарын жеткізу.

Білім алушыларға инженерлік оқ-дәрілерді сақтау объектілерінде өртке және диверсияға қарсы қауіпсіздікті ұйымдастыру, инженерлік оқ-дәрілерді есепке алуды және беруді ұйымдастыру тәртібі, инженерлік оқ-дәрілермен жұмыс істеу кезіндегі, сақтау кезіндегі, тиеу-түсіру жұмыстары мен тасымалдау кезіндегі дұрыс ұйымдастыру мен қауіпсіздік шараларына қатысты мәселелер қаралып, сонымен қатар техникалық күзет құралдарын жетік қолдану және ашық алаңдағы сақтау қоймаларын заманауи үлгідегі дрондарға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы практикалық түрде сабақ көрсетілді.

Инженерлік оқ-дәрілерге жоғары қырағылық
Инженерлік оқ-дәрілерге жоғары қырағылық

Аталмыш шара соңында ҚР ҚК БШ Инженерлік әскерлер департаментінің инженерлік оқ-дәрілер басқармасының бағыт аға офицері полковник Мейрам Егизбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі инженерлік оқ-дәрілерді сақтау бойынша әскери бөлімдердің инженерлік оқ-дәрілерінің сақтау тәртібіне, оған қызмет көрсетілуіне жылдық тексерісіне қорытынды жасады. Сонымен қатар жиында ерекшеленген офицерлерге куәлік табыстап, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Инженерлік оқ-дәрілерге жоғары қырағылық
Инженерлік оқ-дәрілерге жоғары қырағылық

 

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі