Семей тұрғындарына экологиялық саяхат ұсынылды

Семей тұрғындарына экологиялық саяхат ұсынылды

Семейде «Таза Қазақстан» жобасы аясында «Қызыл кітап беттерін парақтау» эко-акциясы өтті. Іс-шараны «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты қалалық ішкі саясат бөлімімен бірлесе «Таза Қазақстан» және «Парктер маршы» акциялары аясында ұйымдастырды,-деп хабарлайды abaidan.kz.

Орталық саябақта тұрғындар қызыл кітапқа енген сирек өсімдіктер, жануарлармен танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар Абай атындағы облыстық кітапхана ұйымдастырған тақырыптық көрмені тамашалауға мүмкіндік туды. Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындар назарын қорғалатын табиғи аумақтардың мәселесіне аудару, қорықтарды сақтау мен дамытуға нақты көмек көрсету, халықтың жабайы табиғатқа оң көзқарасын қалыптастыру.

2024 жылы резерватта көшеттерді ауқымды түрде отырғызу жоспарланған. 6 100 гектар жерге 28 миллион 700 мың ағаш отырғызылады деп күтілуде. Бұл науқан екі кезеңде жүреді. Көшеттердің 5 000 гектардан астамы көктемде, ал қалған 961 гектары күзде отырғызылады.


#Семей, #Экология, #Абай облысы, #"Таза Қазақстан" акциясы