Семейдің сол жағалауына жылу толық берілген жоқ

Семейдің сол жағалауына жылу толық берілген жоқ

Бүгін, 16 қазан. Алайда, Семей қаласының сол жағалауындағы тұрғындар үйлеріне жылу берілмегендігін айтып, редакциямызға хабарласуда,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі. Тұрғындардың айтуынша, сол жағалаудағы 1 - жылу энерго орталығынан жылытылатын әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге жылу берілмеген. Әсіресе, ауруханадағы науқастар мен мектеп, балабақшалардағы балалардың суық ғимараттарда емделіп, білім алуларына тура келуде. Бұған қоса, суықтан тұмауратқандар қатары да аз емес. Оның ішінде жаңа туған сәбиден бастап, 90-ға келген қарттар бар. Тұрғындар суық баспаналарында қалай жылынарларын білмей дал болуда. Бұған дейін облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, БАҚ өкілдеріне баспасөз турын өткізгенде, жылу маусымы мерзімінде басталатынын айтқан болатын. Сондай-ақ, Абай облысының өңірлік  коммникациялар қызметінде  Облыстың энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Серік Төленбергеновің қатысуымен өткен баспасөз конференциясында  жылу желілерінің дайындығы 99,5% құрайды, делінген еді. Сонда қалай болғаны? Юность, Жаңасемей, 66 квартал, Новостройка, 1000 мелочей, Океан аудандары деп көшелерді қоспағанның өзінде қаншама ғимарат жылусыз отыр. Ал олардағы әлеуметтік нысандар қаншама.... 


#Семей, #Абай облысы, #жылу, #жылу маусымы