Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Алматы мен Астанадан ұшып шыққан ұшақтар кері оралады

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Алматы мен Астанадан ұшып шыққан ұшақтар кері оралады

28 ақпан күні Иран әуе кеңістігінің жабылуы және Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Алматы мен Астана әуежайларынан ұшып шыққан бірнеше рейс өз әуежайларына оралады,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Қазинформға сілтеме жасап.

Air Astana әуе компаниясының мәліметінше:

KC263 Алматы — Медина

KC897 Алматы — Дубай

KC653 Алматы — Доха

KC205 және KC207 Астана — Дубай рейстері бастапқы әуежайларына қайтты. 

Ал KC899 Алматы — Дубай рейсі Делиге бағытталды. FlyArystan-ның FS7617 Ақтау — Дубай рейсі қосалқы әуеайлаққа қонды.

28 ақпанда Таяу Шығысқа қалған барлық рейс тоқтатылды.

Air Astana компаниялар тобы жағдайды мұқият бақылап, жолаушыларды тасымалдау мәселелерін шешіп жатқанын мәлімдеді. Жолаушылар рейстердің мәртебесін тексергені жөн, себебі межелі әуежайларға ұшу және келу уақытында өзгерістер болуы мүмкін.

— Сатып алу орны бойынша Жидда, Медина және Дубайға билеттерді 6 наурызға дейін тегін қайта брондауға немесе қайтаруға рұқсат етіледі, — делінген хабарламада.


#Әуежай, #Израиль, #Иран, #соққы, #әлем жаңалықтары