"Таза Қазақстан" акциясы аясында облыс оқушылары мен студенттері көшет отырғызуға атсалысты
Іс-шараға 300-ге жуық оқушы, 60 ата-ана және мектепте көп жыл бойы жұмыс істеген зейнеткер мұғалімдер игі шараға үлестерін қосты,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Акция аясында 100 түп тал, қалыптасқан дәстүр бойынша «Түлектер аллеясына» шырша көшеттері отырғызылды.
Биылғы түлектер пирамидалық теректің 30 көшетін екті. Сондай-ақ мектеп ауласы тал мен шие бұталарымен безендірілді. Оқушылар Әлихан Бөкейхан мешіті айналасына 10 шақты тал отырғызып, сауапты іске үлестерін қосты. Оқушылар мен аға буын өкілдерінің бірлескен жұмысы мектеп пен облыс аумағын абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталған.
#Абай облысы, #Оқушы, #"Таза Қазақстан" акциясы