«Таза Қазақстан»: Бесқарағай ауданының тұрғындары Абай облысындағы қасиетті бұлақтың аумағын тазартты
Бесқарағайлықтар «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуда,-деп хабарлайды abaidan.kz. Бұл апта акцияның соңғы аптасы. «Мөлдір бұлақ» барысында арықтар пен бұлақ көздері тазартылады.
«Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Глуховка ауылында сенбілік өтті. Сенбілікке бұлақтар мен айналаны қоқыстардан тазарту мақсатында 150-ден астам еріктілер қатысты.
Акция аясында қасиетті бұлақтың аумағында камералар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Қасиетті бұлақ – Бесқарағай ауданында орналасқан. Туризм тұрғысынан бірегей және тартымды нысан Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің аумағында (Семей қаласынан 19 км қашықтықта) орналасқан. Бұлақтағы су қатты аязда да қатып қалмайды.
2003 жылы қасиетті бұлақ тарихында жаңашылдық пайда бола бастады – бұлақтың айналасында абаттандыру басталды. Онда жартасқа ыңғайлы түсу үшін баспалдақ жасалды. Шағын ағаш шіркеу де салынды. Қасиетті сумен жуынғаннан кейін адам оң энергия толы болады.
#Абай облысы, #Бесқарағай, #"Таза Қазақстан" акциясы