Ұлттық статистика бюросы инфляция туралы мәліметтерді жариялады

Ұлттық статистика бюросы инфляция туралы мәліметтерді жариялады

2025 жылдың желтоқсандағы айлық инфляция деңгейі 0,9% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 1,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 0,7%, ақылы қызметтер 0,6% өсті.

Өткен айда апельсин бағасы 2,6%, сәбіз – 2%, қант – 1,3%, жұмыртқа 0,1% төмендеді. Ал концентратталған сүт – 2,1%, қатты ірімшік – 1,8%, көкөніс шырындары 1,6% қымбаттады.

Жекелеген дәрі-дәрмектердің бағасы төмендеді: супрастин – 18,5%, энап – 5,2%, канефрон – 1,4%, йодомарин мен азитромицин – әрқайсысы 0,9%-дан. Автомобильдер – 0,4%, электр құралдары 0,9% арзандады. Смартфондар – 0,9%, жеке гигиена тауарлары 1,1% қымбаттады.

Коммуналдық қызметтер арасында су бұру тарифтері 2,4%, суық су – 0,9% төмендеді. Бір ай ішінде такси қызметтері 1,8%, моншаға бару – 2,1%, кинотеатр қызметтері – 2,9% қымбаттады.

2025 жылғы жылдық инфляция 12,3% құрады. Желтоқсанда азық-түлік тауарларының жылдық деңгейі – 13,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 11,1%, ақылы қызметтердікі 12% өсті.

Азық-түлік тауарлары арасында жылдық мәнде баға қызанаққа – 7,9%, күрішке – 4,8%, қиярға – 4,7%, тәтті бұрышқа – 2,7%, кептірілген өрікке 2% төмендеді. Керісінше жүзім – 7,7%, көк шай бағасы 7,9% өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында аяқ киімге жағатын крем бағасы 10,8%, сантехникалық қоспалауыш – 8,5%, электр бұрғысы 6,6% қымбаттаған.

2025 жыл ішінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық су тарифтері 13,1% төмендеді. Аяқ киім жөндеу бағасы – 10,1%, пошта қызметтері – 8,9%, автосақтандыру 6,5% өсті.

Өңірлер арасында жылдық инфляцияның төмен деңгейі Алматы қаласы мен Қостанай облысында – 11,7%, сондай-ақ Абай, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды – 11,8% деңгейінде.

2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі –   40,0%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.