Жаңасемей ауданында тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасып келеді
Жаңасемей ауданында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімі Нұржан Әбдікәрімов мәлімдеді. Қазіргі таңда ауданның тұрғын үй қорында 110 пәтер бар. Тұрғындарды баспанамен қамту кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.
– Өткен жылдың басында 45 пәтер тұрғындарға берілді. Биыл «Отбасы банк» АҚ-мен келісім аясында тағы 14 пәтердің кілті табысталды, – деді аудан әкімі.
Қазіргі уақытта қалған 51 пәтер «Отбасы банк» арқылы тұрғындарға бөліну сатысында.Сонымен қатар әлеуметтік осал топтарды қолдау мақсатында жаңа үйлер салу жоспарланған.
– 2026 жылы 2 пәтерлі 10 тұрғын үй салу көзделіп отыр, – деп атап өтті Нұржан Әбдікәрімов.
#Абай облысы, #баспана, #Жаңасемей