Берік Уәли Көкпекті ауданындағы мектептердің жәй-күйімен танысты

Берік Уәли Көкпекті ауданындағы мектептердің жәй-күйімен танысты

Абай облысының Берік Уәли Көкпекті ауданындағы жұмыс сапары барысында Көкпекті орта мектебінің жұмысымен танысты,-деп хабарлайды abaidan.kz 018.kz сайтына сілтеме жасап.

Көкпекті орта мектебі – аудан орталығындағы ең іргелі білім ордасы. 600 орынға шақталған мектепте бүгінде 631 оқушы білім алып жатыр. Ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама дайындалған. Облыстық Білім басқармасы өкілі аймақ басшысына мектепті 2026 жылы күрделі жөндеуден өткізу жоспарға кіргенін айтты.

Облыста бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін 75 мектеп бар. Бұл тізімге Көкпекті мектебі де енген.

Аудан орталығындағы 427 оқушы білім алатын Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі былтыр «Қазақстан халқына» қорының көшесімен күрделі жөндеуден өткен. 27 кабинет толық жаңартылып, заманауи білім беру технологияларымен жабдықталған.

Аймақ басшысы Көкпекті орта мектебін де заман талабына сай жаңғырту керектігін айтты.


#Абай облысы, #Білім, #мектеп, #Абай облысының әкімі, #Көкпекті ауданы