Конституция – азаматтардың жергілікті басқаруға қатысуының жаңа кезеңі
Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп қана қоймай, олардың жергілікті басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тұрғындардың белсенді қатысуы, қоғамдық пікірдің ескерілуі және ашықтық қағидаттарының сақталуы – заманауи әрі тиімді басқарудың басты негізі,-дейді семей қалалық мәслихатының депутаты Асхат Бәкіров.
Қалалық мәслихат депутаттары үшін тұрғындардың сенімі мен олардың ұсыныс-пікірлері әрдайым басымдыққа ие. Конституцияда көзделген қағидаттарды жүзеге асыру барысында халықпен тұрақты байланыс орнату, қоғамдық диалогты дамыту және әрбір азаматтың бастамасын қолдау жұмыстары жалғасын табады. Конституцияның күшіне енуі жергілікті өкілді органдардың жауапкершілігін арттырып, халықтың мемлекеттік басқару үдерістеріне қатысуын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін. Бұл елімізде ашық, әділетті және халыққа есеп беретін басқару жүйесін одан әрі дамытуға серпін береді. Елдің болашағы – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз бен ортақ ісімізге байланысты,-дейді депутат.
#Семей, #Конституция, #мәслихат, #Ата заң