Конституция – құқықтық мемлекеттің берік негізі
Конституцияның заңды күшіне енген күні – еліміздің құқықтық мемлекет ретінде дамуындағы ерекше тарихи кезең. Бұл күн халықтың еркі мен таңдауының нақты құқықтық күшке ие болғанын білдіреді,-дейді Семей қалалаық мәслихатының аппарат басшысы Азат Құсайынов.
Конституция мемлекеттік биліктің қызметін айқындайтын негізгі заң ғана емес, қоғамдағы әділдік, заң үстемдігі және адам құқықтарын қорғаудың берік кепілі. Бүгінде Конституция қағидаттарын сақтау – мемлекеттік органдардың, оның ішінде мәслихаттардың да басты міндеттерінің бірі. Біз өз жұмысымызда заңдылықты, ашықтықты және халық мүддесіне қызмет ету қағидаттарын басшылыққа аламыз. Конституцияның шынайы құндылығы оның қағидаттарының күнделікті өмірде жүзеге асуымен өлшенеді. Сондықтан әрбір азаматтың құқықтық мәдениеті, заңға құрметі және ел тағдырына жауапкершілікпен қарауы – әділетті әрі қуатты мемлекеттің басты негізі. Күшті Конституцияның ең сенімді тірегі – саналы әрі белсенді азамат,-дейді Азат Оразайұлы.
#Семей, #Конституция, #мәслихат