Әуезов кентінде металлургтер референдумда дауыс берді

Әуезов кентінде металлургтер референдумда дауыс берді

Еліміз үшін маңызды саяси науқан күні Әуезов кентіндегі металлургтер де ұжым болып белсенділік танытып, №373 референдум учаскесінде дауыс берді. 

Округ тұрғындарының басым бөлігін өндіріс саласының қызметкерлері құрайтынын ескерсек, кеншілер мен металлургтер саяси науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасады.

 – Бұл – бүкіл ел үшін өте маңызды қадам. Бүгін біз тарихтың барысына әсер ететін таңдау жасадық. Дауыс беру арқылы болашағымызды айқындаймыз. Егемен еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін әрбір қазақстандық өз таңдауын жасап, сайлауға қатысуы қажет. Бұл – халықты біріктіретін маңызды саяси науқан. Сондықтан баршамыз бірлік танытып, дауыс беруге белсенді қатыстық, – деді кенші Нұргүл Шегебаева.


#Жарма ауданы, #Референдум, #Конституциялық реформа