Президент сұхбаты: Тарихи өзгерістер жылындағы азаматтық жауапкершілік
Жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі сұхбатында елдің ең өзекті мәселелеріне тоқталды. Сұхбат барысында экономикалық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық салалардағы жоспарлармен қатар, азаматтар мен жастарға бірнеше маңызды үндеу айтылды. Бұл туралы Қуаныш Панарбекұлы пікір білдірді,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі.
Президенттің айтуынша, масылдықтан арылу, жауапкершілікті сезіну, ақпаратты талдай білу және әділдік принципін ұстану – әр азамат үшін аса маңызды. Бұл құндылықтарды ұстана білсек, мемлекетіміздің дамуына өз үлесімізді қосуға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, "Таза Қазақстан" жобасы биыл да жалғасады. Жобаның мәні тек көшелерді тазалау немесе табиғатты қорғау емес, санамыздың тазалығын сақтау, әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру болып табылады.
Қуаныш Панарбекұлының айтуынша,
"Мемлекет тарапынан жасалып жатқан игіліктер көп. Бастысы – сол мүмкіндіктерді пайдаланып, өзіміздің және еліміздің болашағы үшін еңбек ету."
Президенттің сөзіне сәйкес, биылғы жыл еліміз үшін тарихи өзгерістер жылы және әр азамат осы өзгерістерге өз үлесін қоса алады.
#ҚР Президенті, #Тарих, #"Таза Қазақстан" акциясы