Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады.
Ұқсас жаңалықтар

Біз жасампаз ұлт ретінде алдымызға биік мақсат қоямыз — Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан Ресей мен АҚШ басшыларының кездесуін Украина бойынша диалогтың бастауы ретінде құптайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды



