2024 жылы облыста 4 мәдениет объектісін салу жоспарланған
Абай облысы бойынша мәдениет мекемелерімен 1370 іс-шара өткізіліп, 189 мыңнан астам адам қамтылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Назира Идрисова баяндады,-деп забарлайды abaidan.kz.
- Өңірімізде халыққа мәдени және тіл саясаты саласында қызмет көрсететін 17 облыстық мекеме және 137 кітапхана бар. Мәдениет сласындағы жұмыстар тиісті жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы «Абай облысындағы кітапханаларды жаңғырту» жобасы аясында Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Кемелді қадам» қоғамдық қорының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna» АҚ компаниялар тобы – «Samruk-Kazyna Trust» қаржылық қолдауымен заманауи қоғамдық кеңістік ашылды. Жобаның жалпы сомасы 54,1 млн. теңгені құрады, - деді спикер.
Облыс музейлерімен 182 іс-шара өткізіліп, оған 21 875 адам қатысқан. Театр труппаларымен 97 спектакль қойылып, 6 премьера көпшіліктің назарына ұсынылды.
- Аймағымызда тілдерті дамытуға байланысты бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Қала мен аудандарды қосқанда жалпы 30 іс-шара, оның ішінде үшеуі облыстық деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен қатар, облысымызда 423 тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Оның ішінде 13 республикалық, 410 жергілікті маңызы бар ескерткіштер. Былтырғы жылы Ақсуат ауданындағы Екпін, Жәнтікей ауылдарында, Бесқарағай ауданындағы Өндіріс, Бөдене ауылдарында 4 ауылдық клуб ашылды.
#Абай облысы, #мәдениет, #құрылыс