Бүгін - Абай күні
10 тамызда қазақстандықтар дәстүрлі түрде Абай күнін атап өтеді. Биыл ұлы ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбаевтың туғанына 179 жыл.
Қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы 1845 жылы Семей облысында дүниеге келген. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Ақынның шығармашылығы мен қайраткерлігі бүгінгі күнге дейін ұлттық сананың символы.
Абай Құнанбаев Шығыс және батыс мәдениетін біріктірген алғашқы қазақ ақыны болды. Қазақстандықтар Пушкин, Лермонтов, Байрон және Гете шығармаларының аудармаларын осы күнге дейін оқиды.
2020 жылы ұлы ойшылдың 175 жылдығы қарсаңында Қазақстанда жаңа мереке – Абай Күні бекітілді. Мерекеге орай демалыс күні берілмейді.
Абай Құнанбаевтың шығармашылығына орай Қазақстанда 500-ден астам іс-шара жоспарланған. Абай облысында мерекеге орай ақын ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Жалпы аймақта 100-ден астам іс шара өткізіледі. Көрмелер, концерттер, ғылыми конференциялар ұйымдастырылады.
Ірі шаралардың бірі – Семей мен Жидебай арасындағы 160 шақырымдық «Shakarim University – 90» және 80 шақырымдық «Shakarim University – 90» ультрамарафондары. Жарысқа Астана, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Петропавл және Абай облыстарынан үш жүзге жуық марафоншы қатысады.
#Абай облысы, #Абай күні, #Абай Құнанбаев