Қазақстанда игі істер марафоны басталды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпаратминистрлігі «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-мен бірлесіп, «Игі істер марафоны» жобасының басталғанын хабарлайды. Бұл бірегей жоба барлық қазақстандықтардың волонтерлік, қайырымдылық іспен айналысуына ықпал етеді.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшіншіотырысында халқымыздың қанына жанашырлық, қамқорлық, бауырмалдық сияқты асыл қасиеттер сіңгенінатап өтті.
Ұйымдастырушылар «Игі істер марафоны» халықтыңжанашырлық қасиеттерін көпке насихат етіп, аталғансөздердің жарқын дәлелі болатынына сенім білдіреді.
Жоба аясында күнтізбедегі маңызды күндерге, халықаралық және түрлі әлеуметтік және мәденитақырыптарға арналған «Жақсылық апталығы» мен жылсайынғы тақырыптық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Тақырыптар атауы жыл сайын өзгеріп отырады, бұләлеуметтік жауапкершіліктің түрлі салаларынақызығушылықты арттыра отырып, өзекті мәселелердіңалуан түрлілігі мен кең ауқымын қамтиды. «Игі істермарафонының» осы аптасы экологияға арналады. Жобағақатысу үшін жасаған игі іс туралы әлеуметтік желілердеақпарат жариялап, Qazvolunteer.kz онлайн платформасындатіркеуден өту қажет.
Марафон қорытындысы бойынша, ең белсендіқатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтарменмарапатталады. Жобаға қатысу үшін толық ақпарат пеннұсқаулықты Qazvolunteer.kz сайтынан алуға болады жәнеәлеуметтік желідегі @kz_nvs және @qazvolunteer.kz парақшаларынан таба аласыздар.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөзқызметі