Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Мәдениет 3 090 қаралымabaidan.kz

Халық әртісіне құрмет көрсетілді

Халық әртісіне құрмет көрсетілді

Абай облысында Қазақстанның халық әртісі, КСРО халық әртісі, Абай облысының Құрметті азаматы, әнші Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған «Қазақтың Бибігүлі – халықтың бұлбұл үні» атты концерт өтті. Бұл туралы abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақ даласын өз әндерімен тербеткен Бибігүл Ахметқызы – халықтың нағыз сүйіктісі. ЮНЕСКО ұйымы жерлесімізді ХХ ғасырдың көрнекті әйелдерінің тізіміне енгізді. Танымал талант иесі 1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын) бітірген. Кеш барысында мерейтой иесі жайлы естеліктер айтылды. Туған жерінің шексіз махаббаты мен ыстық ықыласына бөленген Бибігүл Ахметқызы жүрекжарды алғысын білдіріп, аналық батасын берді.