Түркітілдес журналистер қорының жаңа жобасы: «QAZAQ MEDIA LAB: ISTANBUL & KAPADOKYA»
Түркітілдес журналистер қоры және Қазақстан Әйел журналистер клубы 2026 жылдың 27 мамыры мен 02 маусымы аралығында маусымы аралығында Түркияның Стамбұл мен Каппадокия қалаларына «Qazaq Media Lab: Istanbul&Kapadokya» тақырыбына жаңа жоба ұйымдастырады.

✅ Сапар барысында әріптестер түркиялық БАҚ-басшыларымен танысады, Журналистер одағы, медиа саласындағы үкіметтік емес ұйым жетекшілері, редакцияларда қонақта болып, тәжірибе алмасады.
✅ “Qazaq Media Lab: Istanbul&Kapadokya” жобасы шеңберінде «News vs. Hype» тақырыбына шығармашылық баттл болады. Жобаға қатысушылар Стамбұлдағы тарихи мекендерден қызықты дерек тауып, оқылатын ақпарат дайындайды. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталады.
✅ «Ғарыштық деңгейдегі контент» тақырыбындағы шығармашылық байқауда әріптестер Каппадокиядағы көрнекі жерлерден әлеуметтік желілерге сториз, рилз дайындауда жарысқа түседі. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталады.
✅ Түркі әлеміне ортақ құндылықтарды БАҚ өкілдері арасында насихаттау мақсатында "Тоғызқұмалақтан" жарыс өтеді. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталады.
✅ Жоба шеңберінде ұйымдастырылатын Түрік тілі курсында қатысушылар Түрік тілінің А1 деңгейін меңгереді. Курс соңында сертификат тапсырылады.
✅ Сапар кезінде Стамбұлдағы Ханзада аралдарының ең үлкені - Бүйүкадаға экскурсия ұйымдастырылады.
✅ Мәрмәр теңізімен Босфор бұғазына арнайы тур қарастырылған.
✅ Бұл жобаға БАҚ басшылары, журналистер, медиа саласындағы үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен өкілдері, баспасөз хатшылары, PR-менеджерлер, фрилансерлер, журналистика факультетінің декандары, мұғалімдері мен студенттері қатыса алады.
☎️ Толық ақпарат: 8 (778) 878 3408 (WhatsApp).
#журналистика, #Түркітілдес журналистер қоры, #түркітілдесжурналистерқоры