Абай облысы Жарма өзені арқылы өтетін көпірдің жағдайы туралы ақпарат

Абай облысы Жарма өзені арқылы өтетін көпірдің жағдайы туралы ақпарат

«Алматы-Өскемен» автожолының 936,7 шақырымында орналасқан Жарма өзені арқылы өтетін көпір «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» қайта жаңартылатын учаскесінде (ұзындығы - 40 м, жолдың ені 11,5 м) орналасқан.
2024 жылы жобалау құжаттамасына сәйкес еңістерді бекіту және барлық жұмысты аяқтау жоспарланған.
Қыс мезгілінде жауын-шашынның көп түсуіне және ауа-райының тез жылыну салдарынан еріген қар суларының мөлшері артып, өзеннің арнасынан асқан су көпірге жақындайтын жерлердің шайылуына әкелді. 
Қазіргі таңда қалыпқа келтіру жұмыстар атқарылды. Осы учаске мен көпірді биыл пайдалануға беру жоспарланған. Соңғы уақытта судың жоғары деңгейге көтерілу фактысы анықталмады.


#Абай облысы, #Жарма ауданы, #су тасқыны