Екі жасар бала тоғызыншы қабаттың терезесінен құлады
Оқиға бүгін Семей қаласында орын алды,-деп хабарлайды abaidan.kz emergovkz-ке сілтеме жасап.
Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресуде.
ТЖМ тағы да еске салады:
❗бөлмеден шыққанда, терезені ашық қалдырмаңыз;
❗терезелерге блокаторларды орнатыңыз;
❗терезелердің жанына дивандар мен орындықтарды қоймаңыз;
❗москит торлары құлап кетуден сақтамайды.
Балаларға қамқорлық жасаңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды!