Қазақстандықтар шосседегі велоспорттан Азия чемпионатында «алтын» алды

Қазақстандықтар шосседегі велоспорттан Азия чемпионатында «алтын» алды

аиландтың Районг қаласында шосседегі велоспорттан Азия чемпионаты басталды. Қазақстан командасы турнирде алғашқы медальге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтемемен.

Спортшыларымыз «алтын» жеңіп алды. Қазақстандық велошабандоздар командалық жарыста (микст) бірінші болып келді. Ел намысын Рината Сұлтанова, Игорь Чжан, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Махаббат Үмітжанова, Марина Кузьмина қорғады.


#Спорт, #велоспорт