Тұңғыш қорғаныс министрінің құрметіне арналған жарыс

Тұңғыш қорғаныс министрінің құрметіне арналған жарыс

Абай облысы, Жаңасемей ауданы Шүлбі кентінің «Ұлан» патриоттық орталығының базасында аудандық, қалалық әскери-патриоттық клубтарының әскери қолданбалы спорт түрлерінен жарысы өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz  Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әскери-спорттық турнирге басшылықты Абай облысының білім басқармасы жүзеге асырды.

Әскери-патриоттық клубтардың мүшелері сайыс байқауда дайындаған өнерлерін паш етсе, әскери-қолданбалы спорт сынында белтемірге тартылу, арқаға жатып денені көтеру, пневматикалық мылтықтан ату, оөу гранатасын нысанаға лақтыру, автоматты толық емес бөлшектеп және жинау, әскерилендірілген эстафета, ұлдар 1500 метрге, қыздар 500 метрге жүгіріп жарысты.  
 

2 күнге созылған додаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте үшінші орынды Жарма ауданы, екінші орынды Ақсуат ауданы, ал бірінші орынды Семей қаласының командасы еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар дипломдармен және кубоктармен марапатталады.

Еске салайық, алпы соңғы кезде аймақ жастары өздерінің әскери бағытта жақсы өнерлерін көрсетіп келеді. Бұған дейінде жарыстың республикалық кезеңінде өңірдің оқушылары құр алақан қайтпаған. Жекелей номинациялар бойынша марапатталып, жоғарғы нәтижеге қол жеткізген.


#Абай облысы, #Қорғаныс Министрі, #Абай өңірлік гарнизоны