Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Спорт 765 қаралымabaidan.kz

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында шаңғы тебуден жарыс өтті

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында шаңғы тебуден жарыс өтті

Семейде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында кәсіпорындар мен мекеме қызметкерлері арасында шаңғы тебуден жарыс өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. Спорттық сайысқа «ADAL AS» компаниясы атынан Әсет Әбдиев қатысып, бақ сынады. 

Мақсат - еңбек ұжымдары арасындағы қарым-қатынасты арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Қысқы спорт түріне 20 мекемеден 50-ге жуық жұмысшы қатысты. 
Ерлер 3, әйелдер 1,5 шақырым қашықтықта бақ сынады.
Қатысушылардың жоғары дайындықпен келгені көріп-ақ тұрды. Олар ақ қар үстінде шеберліктерін көрсетті. Жанкүйерлер де спортшыларды қолдап, жігерлендіріп отырды. 

Әсет Әбдиев сынға түскен 30 адамның ішінен мәреге 6 -шы болып жетті. 

Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталды. Оларға қаржылай жүлделер мен медаль, дипломдар табыс етілді.
Әйелдер арасында:
1 - орынды Букашева Эльмира
2 - орынды Киреева Надежда
3 - орынды Колистратова Юлия иеленді.

Ерлер арасында:
1 - орынды -Танисбаев Айдос
2 - орынды - Зейнуллин Серикхан
3 - орынды - Магзунов Азамат иеленді.