«Abay Media Group» ЖШС директорының орынбасары тағайындалды
«Abay Media Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары лауазымына Думан Кенжеғазыұлы тағайындалды.
Ол 1997 жылы 10 маусымда Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылында дүниеге келген.
Әлихан Бөкейхан университетін «Информатика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жаратылыстану білімінің магистрі.
Алғашқы еңбек жолын «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында «орманшы» болып бастаған.
Әр жылдары Семей қаласы жастар ресурстық орталығының әдіскер маманы, программист-операторы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар бөлімінің маманы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне қарасты «Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері, «Абай Ақпарат» порталының бас редакторы, Абай облысы прокуратурасының инспекторы, 018.kz ақпараттық порталының бас редакторы қызметтерін атқарды.