«AMANAT» партиясына жаңа баспасөз хатшысы  тағайындалды

«AMANAT» партиясына жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

«AMANAT» партиясының баспасөз хатшысы болып Дархан Абдуахит тағайындалды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі  «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дархан Абдуахит 1983 жылы 12 шілдеде дүниеге келген. Ол А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің түлегі.
Еңбек жолын «Жас қазақ», «Алға» журналдарында бастаған. «Хабар» арнасында «Жеті күн», «Бетпе-бет» бағдарламаларының жүргізушісі болды. 2022 жылдан бастап «Хабар 24» арнасында шығарушы редактор қызметін атқарды.


#тағайындау, #АМАНАТ партиясы