ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы болып Олжас Сайлаубекұлы тағайындалды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы болып Олжас Сайлаубекұлы тағайындалды.

Олжас Сайлаубекұлы 1989 жылы Абай облысы Көкпекті ауданында дүниеге келген.

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті «Журналистика» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын «Қазақстан-Семей» телеарнасында редактор-диктор қызметінен бастаған. «КТК», «Бірінші арна Еуразия» республикалық телеарналарында жұмыс тәжірибесі бар. Президенттік пулдың журналисі болған.

Әр жылдары Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы, баспасөз қызметінің жетекшісі, Ұлттық статистика бюросының және «Халық санағы–2021» ресми өкілі, Премьер-Министрдің орынбасарының қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі қызметтерін атқарған.

Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.


#Астана, #тағайындау