Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Үржар ауданы 53 қаралымabaidan.kz

Бестерек ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті салынуда

Бестерек ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті салынуда

Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Үржар ауданында ауылдық елді мекендердің қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бүгінде ауданның бірнеше ауылында өрт сөндіру бекеттері салынып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда.

Солардың бірі – Бестерек ауылында бой көтеріп жатқан жаңа өрт сөндіру бекеті. Әлеуметтік маңызы зор нысан ауылдық округтегі «Урожай» шаруа қожалығының басшысы Тепсаев Юнадий Юниевичтің демеушілігімен, өз қаражаты есебінен салынуда.

Құрылысы осы жылдың шілде айында басталған нысанды қысқа мерзім ішінде аяқтап, ел игілігіне беру жоспарланған.

Аталған нысанның құрылыс барысымен аудан әкімі Башимбаев Ақылбек Жұмабекұлы арнайы танысып, демеушілік танытып отырған кәсіпкерге ризашылығын білдірді. Кездесу барысында құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімі талқыланып, нысанды уақытылы пайдалануға беру мәселелері пысықталды.

Айта кету керек, бұл бастама Бестерек ауылдық округі әкімінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылып, мемлекеттік құрылымдар мен жергілікті кәсіпкерлердің өзара ынтымақтастығының жарқын үлгісіне айналуда. Мұндай игі жобалар ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін күшейтіп қана қоймай, елге деген жанашырлық пен әлеуметтік жауапкершіліктің нақты көрінісі болып табылады.