Ішкі істер министрлігі талапкерлердің ІІМ-нің ведомстволық білім беру ұйымдарына оқуға қабылданғаны туралы жалған SMS-хабарламалардың тарап жатқанын хабарлайды.
Аталған хабарламалар – жалған ақпарат және олардың Ішкі істер министрлігіне ешқандай қатысы жоқ.
Қазіргі уақытта қабылдау науқаны әлі де жалғасып жатыр. Іріктеудің барлық кезеңі аяқталған жоқ. Қабылдау белгіленген мерзімге сәйкес, 15–25 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Қабылдау науқанының қорытынды нәтижелері конкурстық іріктеудің барлық кезеңі аяқталып, қабылдау комиссиялары тиісті шешім қабылдағаннан кейін ғана “Qyzmet police” ақпараттық жүйесіндегі талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.
ІІМ ведомстволық оқу орындарына қабылдау туралы SMS-хабарламалардың жалған екенін ескертеді






