Абай облысының полицейлері есірткіге қатысты 54 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Абай облысының полицейлері есірткіге қатысты 54 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Абай облысының аумағында ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 31 қазаны аралығында қылмыстық топтардың, сондай-ақ есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сақтаумен, тасымалдаумен, өткізумен, контрабандамен және өсірумен айналысатын олардың ұйымдасқан нысандарының қызметін анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Қарасора-2024" Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Бұл туралы abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

"Қарасора" ЖПІШ өткізудің өткен кезеңінде Абай облысының түрлі аудандарында 54-тен астам есірткіге қатысты құқық бұзушылығының жолы кесілді. Нәтижесінде 4 қылмыскер ұсталып, 68 кг түрлі есірткі тәркіленді, оның ішінде: 

қарасора - 66 кг 351 гр. 

марихуана - 1 кг 341,72 гр.; 

"Мефедрон" психотроптық заты-300,8 гр.; 

альфа PVP - 29,17 гр.; 

Гашиш-732 гр. 

каннабис сығындысы-2,35 гр.; 

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Жоғарыда аталған қылмыстар үшін мүліктері тәркіленіп, он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

«Жыл басынан бері Абай облысының Полиция департаменті есірткінің заңсыз айналымы саласындағы 147 құқық бұзушылықтардың жолын кесті. 1 ұйымдасқан қылмыстық топтың есірткі бизнесі саласындағы қызметі тоқтатылды. Облыс аумағында синтетикалық есірткілерді өткізу үшін есірткі тобына 4 қатысушыны тартқан көшбасшы анықталды. Аймаққа 1 фито-зертхана және 2 есірткі жеткізудің жолы кесілді» - деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нариман Күлдіков .


#Семей, #заң, #Абай облысы, #Полиция