Алаяқ құрбысының атынан несие алған
Абай облысында ауыл тұрғыны құрбысының атына 1,5 млн теңгеден астам несие рәсімдеген. Бұл туралы abaidan.kz тілшісі Абай облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ақсуат ауданының 35 жастағы тұрғыны танысының атынан микроқаржы ұйымдарының бірінің сайтында тіркеліп, 1 558 659 мың теңге көлемінде микрокредитке өтінім береді.
Танысының сауалнамалық деректерін, оның банктік шотының және ұялы телефонының нөмірін көрсете отырып, қарыз алушының сауалнамасын толтырған. Сол күні ақшалай қаражат шотқа аударылған. Кейіннен алаяқ өзінің шотына оның ақшалай қаражаты аударылғанын жаңылыстырып, аталған ақшаны иемденген.
Әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық"бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.