Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
Абай облысы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасө қызметіне сілтеме жасап.
Отырыста денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері, сондай-ақ өңірдегі проблемалық құрылыс және қайта құру жобалары қаралды.
Жиынға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов және басқарма басшылары қатысты.
Жиын барысында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасап, облыстағы құрылыс саласындағы проблемалық аспектілерді ұсынды. «Бүгін өте маңызды талқылау болды. Аппаратқа үш күндік мерзім ішінде берілген тапсырмалар бойынша хаттама дайындауды тапсырамын. Тиісті хаттамалық тапсырмалар жауапты мемлекеттік органдарға жолданатын болады», - деді Нұрлан Ұранхаев.
#Абай облысы, #жемқорлық, #комиссия