Абай облысында экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілді

Абай облысында экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілді

Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында белсенді жұмыстар атқарылып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Департамент басшысының орынбасары Сәкен Қондыбаев кеңінен тарқатты.

- Өңірде қаржы пирамидаларын ұйымдастыру, азаматтардың ақшалай қаражатын заңсыз тарту, үлестік құрылыс саласындағы заңбұзушылықтар, әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық, лицензиясыз кәсіпкерлік қызмет және вейптердің заңсыз айналымы сияқты фактілер тіркелген. Мәселен, өткен жылы өңірде ірі қаржы пирамидасының қызметі әшкереленіп, жүздеген салымшы зардап шеккен. Сондай-ақ Семей қаласында тұрғын үй құрылысына қатысты заңсыз әрекеттер анықталып, азаматтардан қомақты қаражат тартылған, - деп атап өтті спикер.

Әлеуметтік төлемдер саласында да заңсыз жәрдемақы алу деректері тіркеліп, мемлекетке келтірілген залал толық өтеледі.

- 2024 жылғы маусым айынан бастап елімізде вейптерді сатуға, таратуға және әкелуге тыйым салынған. Семей қаласындағы «Irtysh RiverSide» тұрғын үй кешеніне қатысты заңсыз үлестік құрылыс фактісі тіркеліп, азаматтардан 1 млрд теңгеден астам қаражат тартылған. Ұйымдастырушы қамауға алынып, мүлікке тыйым салынды. Сондықтан тұрғындарды күмәнді инвестициялық жобаларға қатыспауға және кез келген қаржылық операция алдында ақпараттың заңдылығын тексеруге шақырамыз, – деді Сәкен Қондыбаев.


#заң, #Абай облысы, #экономика